Түркістан облысы халық саны бойынша екінші орында

27 Маусым 2023, 12:38
1120
Бөлісу:
Түркістан облысы халық саны бойынша екінші орында
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы өткен брифинг барысында белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Түркістан облысынының әкімі Дархан Сатыбалды өңірде атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтты. Биыл Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толды. Сол аралықта экономиканың басты көрсеткіші жалпы өңірлік өнім 2 есеге өскен.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2022 жылы 867 млрд. теңгені құрады. 2018-2022 жылдар аралығында Индустрияландыру картасы аясында өңірімізде жалпы сомасы 55,5 млрд.теңгеге 43 жоба іске қосылып, 2834 жаңа жұмыс орны құрылды,-деді Дархан Сатыбалды.

Өзгелердің жаңалығы