Түркістан облысы. 50 адам эвакуацияланды

25 Сәуір 2022, 09:12
1505
Бөлісу:
Түркістан облысы. 50 адам эвакуацияланды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сарыағаш, Қазығұрт аудандарында жауған жауын-шашын әсерінен көшелерді, аула аумақтарын су басқан.

Бұл туралы Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан облысы. 50 адам эвакуацияланды

Бүгінде тұрғын үйлердің су басуына жол бермеу мақсатында ТЖД қызметкерлері  жаңбыр суын сору жұмыстарын жалғастырып жатыр.

24 сәуірінде Түркістан облысында қатты жауын шашын салдарынан Қазығұрт ауданының 4 елді мекенінде және Сарыағаш ауданының 1 елді мекенінде 53 үйдің ауласына, 18 үйдің, 1 тойхананың, 16 шаруашылық құрылыстың ішіне су кірген.  Су басқан аумақтардан 50 адам эвакуацияланып, барлығы туыстарының үйлеріне таралды. Сондай-ақ үй жануарлары қырылған, саны анықталып жатыр, - делінген хабарламада.

Түркістан облысы. 50 адам эвакуацияланды

Аталған хабарламалар бойынша жергілікті атқарушы және төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері тарапынан аумақтан су сорып шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Түркістан облысы. 50 адам эвакуацияланды

Аудандық өрт сөндіру бөлімі мен бекеттерінің, жергілікті ауыл әкімдіктердің ұйымдастыруымен су сорғыштар көшелер мен үйдің аулаларына толған суды шығару жұмыстарымен айналысып жатыр.

Түркістан облысы. 50 адам эвакуацияланды

Жұмысқа ТЖ Төтенше жағдайлар департаментінің 56 қызметкер, 9  техника, 11 мотопомпа және жергілікті атқарушы органдардың 19 қызметкер, 6 техника, 2 мотопомпа күшімен суды сору және арықтарды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Түркістан облысы. 50 адам эвакуацияланды

Сонымен қатар көшелерді, үйлердің аулаларын су басу фактісіне байланысты аудан әкімдігінің жедел желісі іске қосылып, тұрғындар тарапынан хабарламалар түскен жағдайда шұғыл іс-шаралар атқарылып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы