Түркіменстан Ауғанстаннан мәрмәр тастарын экспорттайды

8 Маусым 2021, 17:26
2863
Бөлісу:
Түркіменстан Ауғанстаннан мәрмәр тастарын экспорттайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауғанстанға ресми сапармен барған елдің Сырқы істер министрлігі бастаған Түркіменстан делегациясы мәрмәр экспорты мәселесін талқылады, деп жазды centralasia.media.

Ондағы мәліметке сұйенсек, екі тарап кездесуі барысында сауда-экономикалық байланыстарды дамыту мәселесі қаралды. Ауғанстан делегациясы түркімендік әріптестеріне $200 миллиардтың ресурсы мен сирек тастары туралы мәлімет берді. Сонымен қатар екі тарап арасындағы әріптестікті нығайтудың тиімді жолы экспорт екенін атап өтті.

Өз кезегінде Түркіменстан елде жаңа қалалардың салынуына байланысты мәрмәр тастарға сұраныс барын алға тартып, Ауғанстанның ұсынысын қабыл алды. Кездесу соңында екі тарап Ауғанстаннан Түркіменстанға мәрмәр тастарын экпортайтын болып келісіп, меморандумға қол қойды.

Өзгелердің жаңалығы