«TurKidsTan» жобасына қатысқан балалар Тполиция қызметімен танысты

Өз кезегінде жоба ұйымдастырушылары полиция қызметкерлерінің қолдауын жоғары бағалап, департамент өкілдерін марапаттады.

 Polisia.kz Кеше 2026, 23:55
Кеше 2026, 23:55
173
Фото: Polisia.kz

Түркістан облысына Батыс Қазақстан өңірінен «Жайық Жұлдызы» қоғамдық қоры мен ЕҚЫҰ қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «TurKidsTan» балалар лагерінің қатысушылары келді. Жобаны Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров қолдап, балалардың сапары кезінде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін полиция қызметкерлері қамтамасыз етті.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, экскурсия барысында балалар Түркістан облысы полиция департаментіне барып, департамент бастығы Арыстанғани Заппаровпен кездесті. Олар Жедел басқару орталығының жұмысымен, заманауи бейнебақылау жүйелерімен танысып, полиция қызметінің ерекшеліктері туралы ақпарат алды. Кездесу соңында балаларға естелік сыйлықтар, балмұздақ пен сусындар таратылды.

Іс-шара аясында Түркістан облысы полиция департаменті мен «TurKidsTan» жобасының ұйымдастырушылары өзара алғыс білдірді. Департамент атынан жоба жетекшісі Талғат Чудобаев пен ЕҚЫҰ жобасының продюсері Алексей Роговқа алғыс хаттар табысталды. Өз кезегінде жоба ұйымдастырушылары полиция қызметкерлерінің қолдауын жоғары бағалап, департамент өкілдерін марапаттады.

Бағдарлама аясында балалар Түркістан қаласының тарихи-мәдени орындарын, «ALTYN SAMURYQ» медиакешені мен «Керуен сарай» туристік кешенін аралады. Экскурсия барысында олардың қауіпсіздігін полиция қызметкерлері қамтамасыз етті.

Түркістан облысы полиция департаменті балалардың қауіпсіздігі мен жан-жақты дамуына бағытталған әлеуметтік жобаларды алдағы уақытта да қолдауды жалғастыратынын мәлімдеді.

Наверх