Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады

22 Қараша 2022, 21:30
2247
Бөлісу:
Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс өткен президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 20 қарашада өткен кезектен тыс өткен президенттік сайлау барысында ҚР Президенті қызметіне қайта сайлануына орай құттықтау хатын жолдады және өзінің шын жүректен құттықтауларын, сондай-ақ бауырлас Қазақстан халқына ізгі тілектерін жеткізді.

Бас хатшы Кубанычбек Омуралиев Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл жеңісін жаңа Қазақстанды жарқын болашаққа жеткізетін тағы бір қадам болатынын атап өтті.

Сондай-ақ бас хатшы Омуралиев Қазақстанның Ұйымдағы рөлі мен оның Түркі мемелекеттері ұйымы құрамындағы тұрақты қолдауы келесі президенттік мерзімде арта түсетініне өзінің нық сенімін білдірді.

Өзгелердің жаңалығы