Түркі елдеріне қорғаныс қауіпсіздігін нығайту керек - Әлиев

3 Қараша 2023, 12:44
764
Бөлісу:
Түркі елдеріне қорғаныс қауіпсіздігін нығайту керек - Әлиев
Фото: Ақорда

Бұл туралы Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) мерейтойлық Х саммитінде Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әлемнің әрбір түпкір-түпкірінде қарулы қақтығыстар мен соғыстар болып жатыр. Бұл жерде әр елдің қорғаныс мүмкіндіктері олардың қауіпсіздігін негізгі кепілі болып есептеледі. Менің ойымша, мүше мемлекеттер қорғаныс қауіпсіздігін сақтау, өнеркәсіп аясындағы ынтымақтастатығы нығайтыла түсуі керек, - деді Ильхам Әлиев.

Ол Армения мен Әзербайжан арасындағы Қарабақ үшін қақтығыстың ұзаққа созылғанын мысал келтірді.

Армения Әзербайжанның аумағын 30 жыл бойы оккупациялады. Ол жерге заңсыз қуыршақ режимін орнатты. Миллионға жуық әзербайжандықтар өзінің ата-бабаларының жерінен кетуге мәжбүр болды. Сондай-ақ қақтығыста мәдени және діни ескерткіштеріміз қирады. Жылдар бойы Әзербайжан қақтығысты бейбіт түрде шешікісі келді. Дегенмен Армения жағдайды сақтап қалуға тырысты, - деді Әзербайжан басшысы.

Айта кетсек, Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммиті өтіп жатыр. Бұған дейін Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының мақсатын атады.

Өзгелердің жаңалығы