Түркі академиясы мен Елбасы кітапханасы әріптестік байланысты нығайта түсуге уағдаласты

8 Сәуір 2021, 19:40
1984
Бөлісу:
Түркі академиясы мен Елбасы кітапханасы әріптестік байланысты нығайта түсуге уағдаласты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат кездесіп, өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойды.

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасты.

Аталған меморандум тараптарға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың түркі интеграциясын қалыптастырудағы және дамытудағы рөлін зерделеу бойынша бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Түркі академиясы мен Елбасы кітапханасы әріптестік байланысты нығайта түсуге уағдаласты

Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Берікбайұлы Түркі академиясы тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды жоғары бағалап, Академия басшысының арнайы келуіне ризашылығын білдірді.

Түркі академиясы мен Елбасы кітапханасы әріптестік байланысты нығайта түсуге уағдаласты

Өз кезегінде Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Елбасы кітапханасы сенімді серіктес болатынын айтты.

Түркі кеңесінің Құрметті Төрағасы болып саналатын Нұрсұлтан Назарбаев идеяларын жүзеге асыру Түркі академиясының да маңызды мақсаты. Сондықтан бұл бағытта Елбасы кітапханасы біздің сенімді серіктесіміз бола алатыны сөзсіз, - деді ол.

Меморандумға салтанатты қол қою рәсімінен соң Дархан Қыдырәлі Түркі академиясы әр жылдарда шығарған 70 ғылыми еңбекті Елбасы кітапханасы қорына сыйға тартты.

Өзгелердің жаңалығы