Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың 22 қазанында өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің (ҰҚСК) ІV отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік ұлттық табиғи парктерді дамытудың шеберлік-жоспарларын жұртшылықпен жүйелі түрде талқылауды қамтамасыз етуді тапсырған болатын.
Президент тапсырмасына орай туризм және демалыс орындарын дамыту мәселелері бойынша қабылданатын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шаралар атқарылды.
Атап айтқанда, 13 ұлттық парктің жанынан Қоғамдық кеңестер құрылды, Алматы облысындағы Шарын, «Алтынемел», «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің экологиялық туризмін дамтыудың тұжырымдамалары әзірленді. Туристік бардарлар мен жолдарды дамытуға, күрделі құрылыс жұмыстарын жүргізбей-ақ, туризм нысандарын салуға, заманауи қарсы алып-шығарып салу орталықтарын, кемпингтер, қазақ ауылдарын және керуен-сарайларын ашу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
Сонымен қатар, басқа да ұлттық парктерде экотуризмді дамыту тұжырымдамаларын әзірлеу, бекіту жұмыстары жүріп жатыр. Экотуризмді дамыту жөніндегі қоғамдық кеңестерді құру жұмыстары жалғасуда.