Туризм саласындағы кәсіпкерлердің шығындары өтеледі

25 Тамыз 2023, 15:45
1346
Бөлісу:
Туризм саласындағы кәсіпкерлердің шығындары өтеледі
Фото: МСМ баспасөз қызметі

Мәдениет және спорт министрлігі Туризм саласындағы кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шаралары аясында шығындарды ішінара өтеуге бағытталған жалпы сомасы 480 млн теңгені құрайтын 29 өтінімді мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қаражат туристік объектілер мен жол бойындағы сервис объектілерін салуға және реконструкциялауға, туристік автобустар мен тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтарды сатып алуға жұмсалады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың басынан бастап Қазақстанда туризм саласындағы кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдаудың 7 жаңа шарасы қолданысқа енген, олардың ішінде – белгілі бір шығындарды ішінара өтеу де бар.

Мәселен, туробъектілерді салу және реконструкциялау үшін кәсіпкерлік субъектісіне шығындарының 10%-ы өтеледі. Дәл сондай қолдау кәсіпкерге жол бойындағы сервис объектілерін (қонақүйлер, жанармай құю бекеттері, сауда және тамақтану пункттері және т.б.) салу үшін көрсетіледі. 8 және одан да көп орындық автобустарды сатып алғаны үшін 25% көлемінде өтемақы көзделген. Тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықты сатып алу шығындары тең көлемде өтеледі. Сондай-ақ санитарлық-гигиеналық тораптарды ұстау субсидияланады (айына 83 000 теңге).

Жалпы, осы мемлекеттік қолдау шаралары мен қол жеткізген оң жетістіктерге бизнестің қызығушылығының артқаны байқалады. Бұл ретте, біз кәсіпкерлердің пікірлерін ескере отырып, осы бағдарламаны іске асыру тетіктерін жетілдіруге арналған жұмыстарды жалғастырамыз, – деп атап өтті Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Өзгелердің жаңалығы