Туристерді ПТР-тестілеу туроператорлар пакеттерінің құнына енгізіледі

19 Наурыз 2021, 12:15
1062
Бөлісу:
Туристерді ПТР-тестілеу туроператорлар пакеттерінің құнына енгізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда міндетті ПТР-тестілеу құнын демалушы азаматтар есебінен туроператорлар пакетінің құнына енгізу туралы шешім қабылданды.

Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл шешім туристік операторлармен, «Атамекен» ҰКП-мен, Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиямен талқылау қорытындысы бойынша қабылданды.

Бүгінгі таңда шетелден келгендердің 80%-ы ПТР тестсіз оралады. Олардың 41%-ы Египеттен, 27%-ы Мальдивтен, 16%-ы БАӘ және 8,3%-ы Түркиядан келген.

Айта кетейік, шетелден келген демалушылардың 80%-нда коронавирус инфекциясы анықталып отыр, оның ішінде: Египеттен – 96 адам, Түркиядан - 50, БАӘ-ден - 51.


Өзгелердің жаңалығы