Түрікменстанда Қазақстанның білім күндері өтті

12 Қазан 2023, 13:58
571
Бөлісу:
Түрікменстанда Қазақстанның білім күндері өтті
PHOTO
Фото: ХБО баспасөз қызметі

Қазақстандық жоғары оқу орындарының "Study in Kazakhstan" көрмесіне 300-ге жуық адам барған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Түрікменстанның Білім министрлігінің шақыруымен және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, сондай-ақ Қазақстанның Түрікменстандағы елшілігінің қолдауымен Халықаралық бағдарламалар орталығы 10-12 қазан аралығында өткен «Қуатты мемлекеттің Қайта өрлеу дәуіріндегі денсаулық сақтау, білім беру және спорт» халықаралық көрмесінде Қазақстанның білім күндерін өткізді.

Түрікменстанда Қазақстанның білім күндері өтті
Түрікменстанда Қазақстанның білім күндері өтті

Іс-шараға Назарбаев Университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті және Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты сияқты қазақстандық жоғары оқу орындарының өкілдері қатысып жатыр.

Түрікменстанда Қазақстанның білім күндері өтті
Түрікменстанда Қазақстанның білім күндері өтті

Іс-шараны дипломатиялық миссиялардың басшылары, министрлер кабинетінің өкілдері және басқа да ұйымдардың басшылары ресми түрде ашып, тамашалады. Қазақстандық жоғары оқу орындарының "Study in Kazakhstan" көрмесіне 300-ге жуық адам келді. Алдағы күндері де көрме жұмысы жалғаспақ.

Түрікменстанда Қазақстанның білім күндері өтті
Өзгелердің жаңалығы