Тұрғын үй қорындағы пәтерлерді "Отбасы банкі" бөліп береді

12 Маусым 2024, 15:17
620
Бөлісу:
Тұрғын үй қорындағы пәтерлерді "Отбасы банкі" бөліп береді
Фото: pixabay.com

Қазақстанда Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәжіліс тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша заңды екінші оқылымда қабылдады. 

Заңды Мемлекет басшысының азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мәселесін шешу туралы тапсырмасын орындау мақсатымен Үкімет әзірледі. Осы мақсатта «Отбасы Банкі» АҚ ұлттық даму институтына айналады. Тұрғын үйді орналастыру, есепке алу және бөлу функциялары жергілікті атқарушы органдардан осы институтқа беріледі.

Екінші оқылымға дайындау барысында депутаттар «Отбасы банкінің» екінші деңгейдегі банктер жүйесінде және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінде сақталуына бағытталған түзетулер енгізді. Сондай-ақ банк қызметін лицензиялау жалғаса береді. 

Сонымен қатар «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» жаңа электронды деректер базасы құрылады, онда баспанаға мұқтаж және «Отбасы банкінде» тіркелген азаматтар туралы мәліметтер қамтылады. Бұрын мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алып, оны жекешелендіріп алған азаматтарды тіркеуден бас тарту нормасы енгізіледі. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша ипотекалық несие алғандар да тіркелмейді.

Өзгелердің жаңалығы