Тұрғын үй кезегінен алып тастаған: Риддердегі үш жетім балаға қатысты заңсыздық әшкере болды

Үш жетім баланың тұрғын үй алу кезегінен не себепті шығарылғаны белгілі болды. Прокуратура араласқаннан кейін олардың құқықтары толық қалпына келтірілді.

21 Қыркүйек 2026, 16:02
АВТОР
 pixabay.com 21 Қыркүйек 2026, 16:02
21 Қыркүйек 2026, 16:02
103
Фото: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласының прокуратурасы халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үймен қамтамасыз етілу құқықтарының сақталуына жүргізген талдау тұрғын үй алу кезегінде тұрған үш жетім баланың есептен заңсыз шығарылғанын анықтады.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, оларды кезектен шығаруға Риддер қаласында уақытша тұрмауы, сондай-ақ бастапқы есепке қоюды растайтын құжаттардың жоғалуы негіз болған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша аталған тұлғалардың құқықтары қорғалды.

Үш кәмелетке толмағанның барлығы бастапқы кезекке қойылған күні сақтала отырып, тұрғын үй кезегіне қайта қойылды, - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы.

Азаматтардың әлеуметтік осал санаттарының тұрғын үй құқықтарын қорғау жұмысы жалғасуда.

Еске салсақ, елімізде 14 қыркүйектен бастап тұрғын үй кезегіндегі азаматтар тексеріледі. «Отбасы банк» азаматтардың отбасы құрамын, тұрғын үйінің бар-жоғын, тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұру құқығына әсер ететін өзге де мәліметтерді тексереді.

Тағы оқи отырыңыз: Тұрғын үй кезегінен кімдер шығарылады? Отбасы банк тексеруді бастайды 

Наверх