Тұрғымбаев бастаған 5 министр бюджет қаржысын игере алмаған

12 Қаңтар 2021, 11:23
1486
Бөлісу:
Тұрғымбаев бастаған 5 министр бюджет қаржысын игере алмаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2020 жылы республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты бес министрлік игере алмаған. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.

2020 жыл 15 млрд теңге игерілмеді. Қаражаттың неғұрлым ірі сомалары Ішкі істер министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Әділет министрлігі және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде қалыптасты. Игерілмеудің негізгі себептері: өнім берушілердің шарт талаптарын бұзуы; төлем жөніндегі құжаттардың ұзақ келісуі; орындалған жұмыстар актілерін ұсынбау; нақты көрсетілген қызметтер көлемі, орындалған жұмыстар, сот талқылаулары үшін ақы төлеу, - деді министр.

Осы ретте ол 2020 жыл бюджет шығыстарын айта кетті.

Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,1, республикалық бюджеттің шығыстары – 98,3, жергілікті бюджеттердің шығыстары 99,1 пайызға атқарылды. Республикалық бюджет бойынша 14 трлн 234 млрд теңгеге сомасына шығыстар жүргізілді. Орындалмау 241 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 224 млрд теңге - бұл Үкімет резерві бойынша үнемделген ақша және басқа шығыстар бойынша үнем, - дейді Ерұлан Жамаубаев.

Өзгелердің жаңалығы