Дональд Трамп АҚШ Конгресіне сайлауда мерзімінен бұрын дауыс берді

АҚШ президенті Флоридада жұбайы Меланиямен бірге мерзімінен бұрын дауыс беріп, Республикалық партияны қолдағанын растады.

 Reuters/Nathan Howard 25 Қазан 2026, 20:55
25 Қазан 2026, 20:55
271
Фото: Reuters/Nathan Howard

АҚШ президенті Дональд Трамп 24 қазанда Флорида штатында Конгреске аралық сайлауда мерзімінен бұрын дауыс бергенін мәлімдеді.

Журналист Трамптан Республикалық партия өкілдеріне дауыс берген-бермегенін сұрағанда, АҚШ президенті бұл сұраққа оң жауап берді.

Дәл солай, – деді Трамп.

АҚШ президенті сайлау учаскесіне жұбайы Меланиямен бірге келді.

АҚШ Конгресіне аралық сайлау 3 қарашада өтеді. Дегенмен америкалық сайлаушылар мерзімінен бұрын дауыс бере алады. Ол үшін сайлау учаскесіне жеке баруға немесе пошта арқылы дауыс беруге болады.

Сайлау барысында Өкілдер палатасының барлық мүшесі және Сенат құрамының үштен бірі қайта сайланады. Қазіргі уақытта Конгресстің қос палатасы да Республикалық партияның бақылауында.

Наверх