Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған ашық Азия кубогы өтті

15 Тамыз 2022, 15:28
1788
Бөлісу:
Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған ашық Азия кубогы өтті
PHOTO
Фото: автордан

Ақтауда дзюдодан Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған ашық Азия кубогы өтті.  13-ші рет ұйымдастырылған жарысқа 6 мемлекеттен 200-ден астам спортшы қатысты, деп хабарлайды Маңғыстау облысындағы  BAQ.KZ тілшісі.

Бұл жарыс еліміздегі Олимпиадалық ұпайлар берілетін жалғыз жарыс. 

2018 жылдан бері ашық Азия кубогы ретінде өткізіліп келе жатқан жарыста жеңімпаз атанған спортшыларға лицензиялық рейтинг бойынша 100 ұпай беріледі. 

Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған ашық Азия кубогы өтті

Жарыс алғашқыда облыстық деңгейде  жасөспірімдер арасында ұйымдастырлды. Жылдар өте ересектер арасында өткізіліп келеді.  Енді Азия кубогы дәрежесіне жетті. Біз жарысты облысымызда өтізу арқылы жергілікті спортшыларға мүмкүндік беріп, тәжірибелі спортшылар арқылы жетілгенін қалаймыз, - дейді Маңғыстау облыстық дзюдо федерациясының президенті Асылбек Жолдыбаев.

Жарыстың алғашқы күні қыздар 48,52,57,63 келіде, ерлер 60,66,73 келіде мықтыны анықтады. Қыздар арасындағы барлық салмақта Қытай қыздары жеңімпаз атанды. Ал ерлер арасындағы бәсекеде 60 келіде өзбек өкілі Достон Рузиев алтын алса, қалған екі салмақта қазақ балуандары  Сұңғат Жұбатхан (66 кг) , Асқар Нарқұлов (73 кг) чемпион болды.

Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған ашық Азия кубогы өтті

Олимпиадаға ұпай жинау кезеңінде әрбір жарыс маңызды. Бір ай бұрын Еуропа кубогында қола медаль алдым. Енді міне туған жерде жеңімпаз атандым. Бұл менің осы турнирдегі екінші алтын жүлдем. Жарыс оңай болды дей алмаймын. Бірақ бапкерлерім қойып берген тактикамен жүріп жеңімпаз атандым. Қуаныштымын енді бір аптадан соң Португалияға тағы да Еуропа кубогы жарысына аттанамын,  -дейді Азия кубогының жеңімпазы Сұңғат Жұбатхан. 

Жарыстың екінші күні қыздар 70,78,+78 кг, ерлер 81,90, 100,+100 кг жеңімпаздар анықталды. Бұл күні де қытайлық арулар барлық салмақтың алтынына ие болды. Ал ерлер арасында 90 кг моңғол дзюдошысы, қалған салмақтарда қазақ жігіттері чемпион атанды. 

Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған ашық Азия кубогы өтті

Командалық есепте 7 алтын алған Қытай құрамасы бірінші, қазақ құрамасы екінші, ал Моңғолия үшінші орынды еншіледі.

Өзгелердің жаңалығы