Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру жобасы қорытындыланды

14 Қараша 2022, 17:29
1126
Бөлісу:
Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру жобасы қорытындыланды
Фото: автордан

«Қазақстандағы БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға азаматтық қоғам институттарын тарту» жобасын іске асыру бойынша қорытынды конференция өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл жобаны Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мемлекеттік гранты шеңберінде «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы іске асырды. 

Тұрақты даму мақсаттары кедейлік пен аштықты жаппай жою, елдер ішіндегі және олардың арасындағы теңсіздікті азайту, салауатты өмір салтын, барлығына өмір бойы әділ сапалы білім беру мен оқытуды қамтамасыз ету, гендерлік теңдік, арзан, сенімді, тұрақты энергия көздеріне қол жеткізу, үдемелі және тұрақты экономикалық өсуге жәрдемдесу мәселелерін қамтиды, - деді конференция модераторы Асхат Сүлейменов. 

Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру жобасы қорытындыланды

Еске салайық, 2019 жылы «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы «Қазақстандағы ТДМ – 2030» қоғамдық институты Қазақстандағы ТДМ үшін үздік Азаматтық бастамалар мен тәжірибелерді қолдау жобасын құрды.

Жобаның мақсаты – тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге көмектесетін үздік тәжірибелер мен бастамаларды, жеке және заңды тұлғаларды анықтау және таратуды қолдау, үздік жобаларға қоғамның назарын, қаржыландыру көздерін, инвесторлар мен демеушілерді тарту, - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Елдос Абақанов. 

Айта кетейік, жобада 1200 қатысушы қамтылды, 600 өтінім түсіп, 60 жартылай финалист және 15 жеңімпаз грант иегерлері атанды.

Өзгелердің жаңалығы