TURAN этно-фольклорлық ансамблі әлемдік турне өткізеді

TURAN этно-фольклорлық ансамблі әлемдік турне өткізеді
682

Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Turan ансамблі 15 жылдық мерейтойына орай 1-17 сәуір аралығында Еуропада бірнеше концерт өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атап айтқанда, ансамбль Франциядағы Париж, Лион және Бельфорға, Швейцарияда Женеваға, Бельгия астанасы Брюссельге, Хорватияның Загребіне, Словенияның Любляна, Будапешт пен Венаға барады.

Турне аясында сахнаға Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерттің» басқа да солистері шығады: композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Қазақконцерттің» директоры Ақтоты Райымқұлова, атақты тенор және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Медет Шотабаев пен виолончелист, Шанхай консерваториясының магистранты Талғар Шалқарұлы. Әрі қарай ансамбль Қырғызстан мен Өзбекстанға барады.

TURAN этно-фольклорлық ансамблі әлемдік турне өткізеді

Айта кетейік, гастрольдер АҚШ астанасы-Вашингтонда басталды. Наурыз мейрамы аясында 21-23 наурыз аралығында ұжым Колумбия округі университетінде және Джордж Вашингтон университетінің сахнасында өнер көрсетті.

Осы 15 жыл ішінде Turan АҚШ-та және басқа елдерде бірнеше рет өнер көрсетті. Ансамбль бұған дейін Нью-Йорк, Лос-Анджелес, Сан-Франциско және Вашингтондағы Карнеги холл және Кеннеди орталығы сияқты орындардағы концерттер берген. Ансамбль еліміздің ежелгі музыкалық өнерін, көне аспаптардың дыбысын қайта жаңғыртты. Бұл ретте, ол бүкіл әлемдегі сан мыңдаған тыңдаушылардың құрметіне ие болды, бұл шетелдіктердің ұжымға деген қызығушылығының дәлелі, – деп атап өтті ҚР МСМ Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Данияр Әлиев.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: turan_ethno_folk
Өзгелердің жаңалығы