Тұмауға қарасы Ресейден 2,3 млн доза вакцина сатып алынған

9 Қараша 2022, 13:09
1170
Бөлісу:
Тұмауға қарасы Ресейден 2,3 млн доза вакцина сатып алынған

Бұл туралы «Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Марал Рақымжанова мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстанда тұмаудан басқа тұмауға ұқсас вирустар да таралып жатыр. Басқа тұмауға ұқсас инфекцияларға 2292 сынама тексерілді, оның ішінде 341 сынамада (14,8 пайыз) оң нәтиже анықталды, оның ішінде риновирус – 124, РС вирус – 97, парагрипп – 35, коронавирус – 32, аденовирус – 32, бокавирус – 15, метапневмовирус – 6. 

Биыл эпидемиялық маусымда тұмау және ЖРВИ бойынша санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу мақсатында 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің эпидемиялық маусымға тұмау және ЖРВИ бойынша санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу туралы қаулысына қол қойылды. Оған сәйкес медициналық ұйымдардың тұмауға қарсы иммундау науқанын өткізуге, тұмаумен және ЖРВИ-мен ауыратын науқастарды қабылдауға дайындығы, сондай-ақ зертханалардың тұмауға және басқа ЖРВИ-ге зертханалық зерттеулер жүргізуге дайындығы қамтамасыз етілді, - деді спикер орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Айтуынша, тұмауды алдын алудың ең тиімді әдісі – вакцинация.

Биыл бюджет қаражатына Ресейде шығарылған «ГРИППОЛ +» вакцинасының 2,3 млн дозасы сатып алынды. Вакцина құрамында алдағы маусымдағы вирустарға қарсы штамдар бар. Бұл жалпы республика халқының 12 пайызын қамтуға мүмкіндік береді, ДДҰ ұсынған көрсеткіш – кемінде 10 пайыз. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен халықтың осал топтарына салынады, - деді Марал Рақымжанова. 

Өзгелердің жаңалығы