Тұмаудан сақтану жолдары қандай? - Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен кеңес

21 Наурыз 2022, 12:17
2475
Бөлісу:
Тұмаудан сақтану жолдары қандай? - Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен кеңес

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Жанна Пірәлиева хабарлады. 

Оның айтуынша, тұмау мен ЖРВИ – бүкіл республика аумағында ең жиі жұқтыратын аурулардың бірі болып отыр. 

Барынша сақтық танытып, иммунитетті нығайтуға кеңес берген ведомство өкілі ЖРВИ мен тұмаудан қорғанудың бірнеше жолдарын ұсынды. 

- Түшкіру және жөтелу кезінде мұрныңызды орамалмен жабыңыз.

- Пайдаланылған майлықтарды дереу тастаңыз.

- Егер майлықтар болмаса, шынтағыңызды бетіңізге қарай көтеріп түшкіріңіз және жөтеліңіз.

- Қолыңызды кем дегенде 20 секунд сабынмен үнемі жуыңыз немесе құрамында спирт бар тазартқыш затпен қолыңызды сүртіңіз.

- Жуылмаған қолыңызбен көзіңізді, мұрныңызды, аузыңызды ұстамаңыз.

- Эпидемия кезінде қол алысудан және бет сүюден аулақ болыңыз.

- Адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болыңыз немесе ол жерде болу уақытын азайтыңыз.

- Иммундық жүйені нығайту: витаминдер қабылдау, көкөністер мен жемістерді жеу, шөп шайлары мен инфузияларын ішу.

Бөлмені мүмкіндігінше жиі желдетіп, ылғалды  тазалау жүргізген дұрыс. 

Өзгелердің жаңалығы