Тұман, көктайғақ: Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

29 Қаңтар 2024, 07:10
2774
Бөлісу:
Тұман, көктайғақ: Ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: BAQ.KZ архив

Синоптиктер алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болатынын болжады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК мамандарына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысының оңтүстігі, орталығында көктайғақ күтіледі.

Ақмола облысының батысы, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігі, шығысында тұман күтіледі.

Күндіз Алматы облысының батысы, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман түседі.

Алматы қаласында күндіз көктайғақ күтіледі. Кей уақытта тұман болады.

Қызылорда облысының оңтүстігінде күндіз көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігі, батысында тұман күтіледі. Қостанай қаласында 29 қаңтарда тұман күтіледі.

Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші – 15-20 м/с.

Шымкентте кей уақытта қатты жауын-шашын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні – 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбырдың соңы қарға ұласады.

29-31 қаңтарда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында – 15-20 м/с, түнде 29 қаңтарда, тәулік бойы 30-31 қаңтарда жел екпіні 23-28 м/с болады.

Өзгелердің жаңалығы