Түлектер қай салаға жұмысқа көп орналасатыны анықталды

Түлектер қай салаға жұмысқа көп орналасатыны анықталды
392

Университет түлектерінің қай салаға жұмысқа көп орналасатыны анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарушы директоры Азамат Бейсенбенов ОКҚ-да өткен брифингте мәлімдеді.

Ең жоғары жұмысқа орналасу деңгейі «Ветеринария» бағытында екенін көруге болады. Бұл көрсеткіш бағыт бойынша 88 пайыз. Ал ең төмен орташа жұмысқа орналасу деңгейі «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» бағыты бойынша анықталды, - деп атап өтті ол.

Ал ең жоғары медиандық жалақы мөлшері «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру» бағытында. Көлемі - 221 841 теңге.

Ал ең төменгі жалақы «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» бойынша тіркелді. Бұл бағыттағы түлектердің медианды жалақысы 126 029 теңге. Ал жалпы рейтинг бойынша түлектердің медиандық жалақысы - 155 621 теңге, - деп түсіндірді кәсіпкерлер палатасының басқарушы директоры Азамат Бейсенбенов ОКҚ-да.

Естеріңізге сала кетейік, жұмысқа орналасқандардың ең төменгі жалақысы қанша екенін жазған болатынбыз.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы