Оқуды бітіре сала жұмысқа орналасқандардың ең төменгі жалақысы белгілі болды

Оқуды бітіре сала жұмысқа орналасқандардың ең төменгі жалақысы белгілі болды
460

Оқуды бітіре сала, жұмысқа орналасқан шымкенттіктер ең төменгі жалақыны алады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарушы директоры Азамат Бейсенбенов ОКҚ-да өткен брифингте мәлімдеді.

Батыс Қазақстан облысының түлектері жұмысқа орналасу көрсеткіші - 86%, екінші орында Алматы облысының түлектері - 85%, ал үшінші орында Атырау облысының түлектері 84%. Ең төмен жұмысқа орналасу деңгейі Қызылорда және Түркістан облыстары бойынша анықталды, онда бұл көрсеткіш - 73%, - деп мәлімет берді ол.

Азамат Бейсенбенов атап өткендей, рейтинг барысында түлектердің жұмысқа орналасу деңгейінен бөлек, олардың алатын жалақыларының орташа медиандық көрсеткіші де талданған болатын. 

Ең жоғары жалақыны Алматы облысының түлектері алатыны анықталды, облыс бойынша түлектердің оқу бітіргеннен кейінгі алғашқы жылдағы медиандық жалақысы 196 769 теңге. Ең төмен жалақы Шымкент қаласы түлектерінде – 124 895 теңге, - деп түсіндірді «Атамекен» өкілі брифингте.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы