Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 11,7 млрд теңге бөлінді – АШМ

10 Маусым 2021, 11:22
3958
Бөлісу:
Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 11,7 млрд теңге бөлінді – АШМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров биыл облыстардың жергілікті бюджеттерінде тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 11,7 млрд теңге көзделгенін айтты.

Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде төмен сапалы тұқымдарды пайдалану пайызы 2016-2020 жылдары 7,2%-ға дейін төмендеді. Элиталық тұқымдардың үлесі 6,8%-ға дейін көтерілді, - деді ол.

Үшінші репродукциядан төмен емес тұқымдарды пайдалану бойынша жақсы көрсеткіш Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Алматы облыстарында байқалады.

Жоғары репродукциялық тұқымдарды қолданудың ең төменгі көрсеткіші Түркістан және Жамбыл облыстарында. Осы ретте Жамбыл, Түркістан және Павлодар облыстары бойынша жоғары репродукциялық тұқымдарды пайдалану үлесі жыл сайын төмендеп келеді, - деп атап өтті министр.

Ақмола, Қостанай және Қызылорда облыстары бойынша оң динамика байқалады. Бұл көрсеткішті арттыру үшін облыстар шаруашылықтарды тұқым шаруашылығымен субсидиялаумен толық қамтулары қажет.

Биыл облыстардың жергілікті бюджеттерінде тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 11,7 млрд теңге көзделген. Республикалық бюджеттен қосымша 4,3 млрд теңге бөлінді, - дейді Сапаров.

Өзгелердің жаңалығы