«Тухлая балка», ауаның ластануы, қоқыс өңдеу. Атырау басшысы проблеманы шешетін жобалар туралы айтты

19 Қараша 2021, 16:52
1507
Бөлісу:
«Тухлая балка», ауаның ластануы, қоқыс өңдеу. Атырау басшысы проблеманы шешетін жобалар туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Атыраудың ауа сапасына қатысты бірқатар ірі жоба іске асырылып жатыр. Атырау мұнай өңдеу зауыты тазалық жобасы бар. Атырау қаласының сол жақ жағалауында кәріздік тазарту қондырысын салу. Бүгінгі таңда құрылыс толық аяқталды. Қазір нысан пайдаланушы ұйымның балансына берілуде. «Тухлая балка» булану алаңын қалпына келтіру жұмыстары сәуір айында басталды. 2023 жылы аяқталу жоспарланып отыр, - деді ол.

Облыс әкімі оң жағалаудағы кәріз туралы да айтып өтті.

Кәріз тазарту ғимаратын қайта жаңғырту басталды. «Квадрат» буландырғыш тоғанын тазарту 2023 жылы бастау жоспарланған. Ол 2024 жылдың аяғына дейін аяқталады деп отырмыз. ҚТҚ-ға да ерекше көңіл бөлініп отыр. Өңір аймағындағы полигондарды орталықтандыру мен оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, -деді ол.

Махамбет Досмұхамбетов атап өткендей, 2021-2023 жылдары жеке инвесторлардың көмегімен Атырауда жылу қуаттылығы 225 мың ҚТҚ-ны өңдейтін екі сұрыптау кешенін салу жоспарланып отыр.

Қаланың оң жағалауында қоқыс өңдейтін зауыттың құрылысы маусымда басталды. 2022 жылдың көктемінде іске қосу жоспарланып отыр, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы