Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Туған күнге барған 43 адам уланып, 17-сі қайтыс болды

19 Маусым 2025, 12:31
47973
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Мадагаскарда туған күн кешінде тамақтан уланған 17 адам көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі haberler-ге сілтеме жасап. 

Антананариводағы туған күн кешінен кейін 43 адам тамақтан уланып, олардың 17-сі қайтыс болды. Тағы 13 адамның жағдайы ауыр. Оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр.

HJRA Ampefiloha ауруханасы таратқан ақпаратқа сәйкес, уланғандардың 17-сі көз жұмған, ал 13 адам ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген.

Қоғамдық денсаулық сақтау министрлігі тағамнан алынған үлгілерге зертханалық сараптама жүргізіліп жатқанын және уланудың нақты себебі анықталу үстінде екенін мәлімдеді.

Оқиға Имеринкасинина ауданындағы демалыс орталығында өткен туған күн кешінен кейін тіркелген. Алғашында 12 адамның қайтыс болғаны хабарланған. Содан кейін бұл көрсеткіш 17-ге жетті. 

Мадагаскар Ұлттық полициясы мен Жандармериясы улануға не себеп болғанын анықтау үшін бірлескен тергеу амалдарын бастады.

Еске салайық, бұған дейін Солтүстік Қазақстанда екі жасар бала шемішкеге қақалып қайтыс болды. 

Өзгелердің жаңалығы