Петропавлда екі жасар бала шемішкені жұтып, тұншығып қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қайғылы оқиға Бірлік ықшам ауданында болған. Анасы дүкен шығып кеткенде, балаларды үйде жалғыз қалдырған. Сол сәтте екі жасар бала шемішкеге тұншығып қалған. Шақыртумен келген жедел жәрдем баланы аман алып қала алмаған. Бала сол жерде көз жұмған.
Бұл ақпаратты Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
Екі жасар бала шемішкеге тұншығып көз жұмды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Оқиғаның барлық мән-жайы тексерілуде, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Астанада 10 жасар қыздың қолы қамыр илейтін машинаға қысылып қалғаны хабарланған еді.