Туберкулездің жаңа жасанды штамы таралып жатқаны рас па?

2 Шілде 2023, 17:32
738
Бөлісу:
Туберкулездің жаңа жасанды штамы таралып жатқаны рас па?
Фото: Мұхтар Холдорбеков - архив

Ғаламтор желісінде туберкулездің жаңа, қолдан жасалған және елге сырттан әкелінген штамы таралып жатқаны туралы ақпарат шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оны жұқтырған әрбір үшінші адам қайтыс болады-мыс.

Алайда Stopfake.kz сайты бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Ұлыбританияда туберкулездің жаңа, синтетикалық штаммы өршіп тұрғанына «дәлел» ретінде пайдаланушылар Daily Mirror газетінде шыққан мақаланы мысалға келтірген. Тақырыпта британдық профессор вакцина жасау үшін жедел әрекет етуге шақырады, әйтпесе туберкулез жұқтыру жағдайларының саны COVID-19 көрсеткіштерінен асып түседі. Мұндай мұқаба бар және оны Интернеттен табуға болады.

Мақаланы толық Daily Mirror сайтынан оқуға болады. Ол 2023 жылдың 4 маусымында, яғни басылымның баспа нұсқасы шыққанға бір күн қалғанда жарық көрді.

Мақалада Еуропаның басқа елдерімен салыстырғанда Ұлыбританияда адамдар туберкулезбен жиі ауыратыны туралы жазылған. Жыл сайын елде 100 000 тұрғынға шаққанда 7,8 ауру жұқтыру жағдайы тіркеледі. Бұл ретте науқастардың үштен бірі туберкулездің кейбір түрлері дәрі-дәрмектерге төзімді болғандықтан көз жұмады. Туберкулезден қорғайтын БЦЖ вакцинаны салдыру Ұлыбританияда 2005 жылдан бері міндетті емес. Сондай-ақ мақалада БЦЖ ауру жұқтырудан толық қорғай алмайтындығы атап өтілген. Сәби кезінде вакцина алған балаларда иммунитет тек жасөспірім кезге дейін сақталады, содан кейін вакцинаны қайта алу керек. Мақала кейіпкері, Кейптаунда туберкулезді зерттеумен айналысатын профессор Роберт Уилкинсон әлемді, соның ішінде Ұлыбританияны аурудан қорғаудың жалғыз жолы – өмір бойы иммунитетті қамтамасыз ететін вакцина әзірлеу және оны міндетті ету деп санайды.

Мақалада Ұлыбританияда қолдан жасалған және елге әдейі сырттан әкелінген туберкулездің жаңа штаммы анықталғаны туралы жазылмаған.

Демек, таралған ақпарат – фейк.

Өзгелердің жаңалығы