Туберкулезді емдеуде науқастың қалтасынан шығын шықпайды

13 Мамыр 2022, 14:31
1917
Бөлісу:
Туберкулезді емдеуде науқастың қалтасынан шығын шықпайды
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының мониторинг, бағалау, эпидемиология, статистика, ақпараттандыру департаментінің жетекшісі Панагүл Жазықбаева айтты.

Оның айтуынша, елімізде туберкулезге шалдыққандар тегін емделеді және әлемдегі озық дәрі-дәрмектің барлығын тұтына алады. Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы 2014-2020 жыл аралығында туберкулезбен күресу бойынша кешенді жоспар іске асырылған.

Бұл жоспар Үкіметтің қаулысымен бекітілген. Бес жыл ішінде осы жоспарды кешенді түрде іске асырдық. Соның нәтижесінде туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай едәуір жақсарды. Өлім көрсеткіші 4 есе төмендеді. Қазір адамдар туберкулезден көз жұмбау керек деген бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Өйткені әлемде туберкулезді анықтайтын диагностика, оны емдейтін озық дәрінің барлығы бізде бар және ол науқастарға тегін беріледі,-деді ол.

Сонымен қатар ол адамдар түрлі скринигтерден өтіп, флюраграфияға түсу арқылы туберкулезді ерте кезеңінде анықтау мүмкіндігі барын айтты.

Адамда  туберкулезге күдік туса кез келген медициналық ұйымнан тексерістен өтіп, яғни қақырығы арқылы тексеріп екі сағаттың ішінде оның туберкулезге шылдықққан немесе шалдықпағанын анықтап береді. Тіптен оның қандай кезеңде екенін, дәріге төзімділігіне дейін бірден анықтауға болады. Сонымен қатар республикалық бюджеттен әлемдегі мықты дәрінің барлығын алуға қаржы бөлінген. Науқастың қалтасынан ешқандай шығын шықпайды,-деді Жазықбаева.

Туберкулезді емдеу алты айдан, 20 айға дейін жалғасады екен. Сондықтан мұндай ұзақ ем алу адамдарға психологиялық тұрғыдан қиындық тудырады екен. Ем алып жүрген адам жұмысқа да шыға алмайды, осы себепті жергілікті бюджеттен әлеуметтік қолдау қарастырылған.

 

Өзгелердің жаңалығы