Цяньмэнь сауда көшесіндегі көне Бейжің көріністері

27 Қыркүйек 2022, 16:50
2144
Бөлісу:
Цяньмэнь сауда көшесіндегі көне Бейжің көріністері
PHOTO
Фото: автордан

Қытай астанасындағы туристерге арналған тағы бір ерекше жердің бірі – Цяньмэнь және Дачжалань көшелері, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Цяньмэнь сауда көшесіндегі көне Бейжің көріністері

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жаяу жүргіншілерге арналған бұл көше – Бейжіңнің жүрегі. Себебі бұл көшеде ескі Қытайдың атмосферасы сақталған.

Цяньмэнь сауда көшесіндегі көне Бейжің көріністері

Цяньмэнь және Дачжалань көшелері Тяньаньмэнь алаңының оңтүстігінде орналасқан. Мұнда метро арқылы жету үшін Qianmen стансасынан түсу қажет. 

Цяньмэнь сауда көшесіндегі көне Бейжің көріністері

Көшеге кіреберіс жерде денсаулық QR-коды бар тақтайшалар ілінген. Яғни көшеге өту үшін карантин режимінің талабына сәйкес оны сканерлеу қажет. Сонымен қатар маска режимін де сақтау талап етіледі.

Цяньмэнь сауда көшесіндегі көне Бейжің көріністері

Цяньмэньге кіреберісте алдыңыздан шығатын бірінші көрініс – ол алтын иероглифтермен және түрлі-түсті өрнектермен безендірілген биік арка. 

Цяньмэнь сауда көшесіндегі көне Бейжің көріністері

Цяньмэнь толығымен жаяу жүргіншілерге арналған көше. Көше құстарға арналған тор түрінде жасалған үш метрлік көше шамдары және барабандармен безендірілген. Ал көшенің екі бойында 20-30 жылдар стиліндегі дүкендер мен мейрамханалар орналасқан. Бұл дүкеннің көпшілігі қытай мәдениетіне тән тауарлар саудасымен айналысады.

Цяньмэнь сауда көшесіндегі көне Бейжің көріністері

Көптеген дүкеннің алдында ескі Қытайдың өмірін бейнелейтін мүсіндер бар. Оған қарап дүкенде не сатылатынын болжауға болады.

Цяньмэнь сауда көшесіндегі көне Бейжің көріністері

Цяньмэнь көшесінің бойымен 300 метр алға жүрсеңіз, оң жақ бетте орналасқан Дачжалань сауда көшесіне өте аласыз.

Цяньмэнь сауда көшесіндегі көне Бейжің көріністері

Дачжалань көшесінің ұзындығы шамамен 300 метр. Мұнда да жергілікті туристер ағыны жетерлік.

Цяньмэнь сауда көшесіндегі көне Бейжің көріністері

Бұл көше бойында жүргенде де Қытай базарының атмосферасын сезінуге болады. Өйткені ұлттық стильдегі киім, аяқ киім дүкендері, ұлттық тағамдар асханасы, қолөнер бұйымдары дүкендері және басқа да көптеген ерекше дүниелерді кездестіре аласыз.

Цяньмэнь сауда көшесіндегі көне Бейжің көріністері

Дәл осы жерден Қытай тәттілерінің дәмін татып, жақындарыңызға сыйлыққа қытай шайы мен әшекейлерін сатып алуға мүмкіндік бар.

Цяньмэнь сауда көшесіндегі көне Бейжің көріністері

Еске сала кетсек, Түркістанда 2021 жылғы 10 сәуірде Орталық Азиядағы ең үлкен «Керуен сарай» көпфункционалды туристік кешені ашылған болатын. «Керуен сарай» туристік кешеніне Жібек жолы дәуіріндегі саудагерлер мен қолөнершілер көшесі, «ұшатын театр», ат шоуын өткізуге арналған амфитеатр, Шығыс базары, сауда сөрелері мен дүкендер кіреді.

Цяньмэнь сауда көшесіндегі көне Бейжің көріністері

Қазіргі күні Түркістандағы бұл жер қала тұрғындары мен туристердің сүйікті жеріне айналып үлгерді. 

Цяньмэнь сауда көшесіндегі көне Бейжің көріністері
Өзгелердің жаңалығы