Цой Түркістанның COVID-19 екінші толқынына дайындығын тексерді

4 Қыркүйек 2020, 16:10
1184
Бөлісу:
Цой Түркістанның COVID-19 екінші толқынына дайындығын тексерді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Түркістан облысына арнайы іссапармен келді. 

Қазақстанның Бас дәрігері алдымен Түркістан қаласында салынып жатқан 630 орындық көпсалалы облыстық аурухананың құрылыс басында болды. Жаңа ауруханада 16 ота жасау бөлмесі, 13 жоспарлы және 3 жедел медициналық көмек көрсету бөлімдері қарастырылған. 1500-ге жуық медицина қызметкері жұмыс істейтін болады. Қазіргі таңда нысанның монолитті іргетасы құйылуда. Құрылыс жұмыстарын 2022 жылы аяқтау жоспарланған.

1.jpg

Министр облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимовпен Түркістан қаласындағы бірқатар емдеу мекемелерін аралап, тыныс-тіршілігімен танысты. Қалалық орталық емханада болып, ондағы жұмыс барысын бақылады. Емхана бір ауысымда 500 келушіге лайықталған. 900-ден астам медицина қызметкері жұмыс істейді. Коронавирус инфекциясымен күрес мақсатында 18 мобильді топ құрылған. Емхананың базасында сондай-ақ, індетті анықтайтын вирусологиялық зертханасы бар. Осы күнге дейін 40 мыңға жуық азаматтан сынама алынған. Емдеу мекемесі барлық қажетті медициналық құрал-жабдықтармен де толық қамтамасыз етілген.

Жергілікті медицина қызметкерлерімен кездесіп, жағдайларымен танысқан еліміздің бас дәрігері өңірдегі емдеу мекемелерінің қызметіне оң бағасын берді.

ҚР Президенті халыққа жолдауында алғашқы медициналық көмекті дамытуға аса мән берді. Түркістан облысында бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылуда. Түркістан қалалық емхана қызметкерлерінің коронавирус инфекциясы белең ала қалған жағдайда екінші толқынға дайындығы жоғары деңгейде екендігін де байқадық. Емдеу мекемесі барлық медициналық қажеттілікпен және жедел-жәрдем көліктерімен қамтамасыз етілген, - деді Алексей Цой.
5.jpg

Министр өз сөзінде, облыста тұмауға қарсы екпе егуге дайындық жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқандығын атап өтті. Өңірге бұл мақсатта вакцинаның бірінші партиясы жеткізілген. Осы айдың 15-нен бастап егу жұмыстары басталады.

2.jpg

Денсаулық сақтау министрі сапар соңында Түркістан қаласында жаңадан бой көтеріп жатқан модульді жұқпалы аурулар ауруханасында да болды. Емдеу мекемесі 200 төсек-орынға есептелген. Нысанның құрылысы жоспарланған аймақта барлық қажетті инженерлік желі мен көлік инфрақұрылымы бар.

Өзгелердің жаңалығы