Циркте өнер көрсетіп жатқан гимнаст биіктен құлап кетті

25 Қараша 2019, 22:04
3008
Бөлісу:
Циркте өнер көрсетіп жатқан гимнаст биіктен құлап кетті

Алматы, BAQ.KZ. Белгород қаласында өнер көрсетіп жатқан петербугтік "Империал" циркінің гимнасты жоғары биіктіктен құлап кетті. Бұл туралы vesti.ru хабарлады.

Оқыс оқиға 24 қараша күні "Сити Молл" аренасында болған. Көрермендер артисттің құлаған сәтін видеоға түсіріп алған.
Ол жоғарыда ілінген бауларға ілініп өнер көрсетіп жатқан. Бәрі жақсы өтіп жатты, бір кезде ол аяғын бауларға орап шпагатқа отырды осы сәтте бау үзіліп кетті. Одан кейін оның айқайлаған дауысы шықты, кейін көрермендер азан-қазан болып кетті, - дейді куәгер.

Гимнаст құлаған соң аренаның ішін түтін басқан, көрермендер құлаған артистің қалі қандай жағдайда екенін түсіне алмаған. Оқиға орнына келген көмекшілер зардап шеккен қызды сахна сыртына алып кеткен. Дегенмен цирк ары қарай жалғасын тапқан. 

Кейін цирк директоры Андрей Митачкин әріптесінің аяғы сынғанын жеткізді, алайда оны емханаға жатқызбаған. Цирк гастролін жалғастыра бермек.
Өзгелердің жаңалығы