Цифрлық жобаның кәсіпкерге қандай пайдасы бар

8 Ақпан 2022, 17:10
1987
Бөлісу:
Цифрлық жобаның кәсіпкерге қандай пайдасы бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Атамекен» трансформация мәселесіне қаңтар оқиғасынан кейін ғана назар аударған жоқ, өзгерісті әлдеқашан бастап кеткен. 

Сондай-ақ, Ұлттық палата кәсіпкерлер үшін цифрлық жобаны таныстырады. Кейбір шенеунік оның жұмыс істеуіне қарсы. Себебі ол ашық саясатты жүргізеді. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов айтты.

 «Атамекеннің» трансформациясы Үкімет ұлттық палатаның құрамынан шыққан сәттен басталды. Ұйым заң аясында өз болашағын айқындап, бағыт-бағдарын белгіледі.  «Өзгеру – өмірдің талабы. Бірақ ұлттық палата өзгерісті әлдеқашан бастап кеткен. Мұны «Атамекеннің» жұмы-сымен жақсы таныс адамдардың бәрі біледі. Біз трансформация мәселесіне қаңтар оқиғасынан кейін ғана назар аударған жоқпыз. Бұл процесс екі-үш жыл бұрын басталған. Палатаның арнайы заңмен құрылғанына 8 жыл болды. «Атамекен» құрылғанға дейін елімізде бизнестің мүддесі мен құқығын қорғайтын 800-ге жуық түрлі қауымдастық болған. Олардың билікпен бетпе-бет отырып, тең жағдайда сөйлесе алатын құзыреті болған жоқ. Бизнестің мүддесін де тиісті деңгейде қорғай алмады. Осы бір олқылықтың орнын толтыру мақ¬сатында «Атамекен» құрылды. Ұлттық палата – саяси мекеме емес, бұл – үкіметтік емес қоғамдық ұйым. Сондықтан оны қаржыландыру Үкіметке жүктелмеген. Ұйым өзін-өзі қаржыландыруы керек. Яғни ірі кәсіпкерлерден түсетін ерікті жарналар есебінен қаржыландырылып келе жатыр, – деді Абылай Мырзахметов «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында.

«Ірі компаниялардың қаржысы шағын бизнесті дамытуға бағытталады»

 Абылай Мырзахметов Ұлттық палатаның сол кездегі өзгерістегі негізгі бағыты елдегі әрбір кәсіпкермен тығыз байланыс орнату болғанын атап өтті. Тиісінше, саласына, құрылымына, орналасқан аумағына қарамастан олардың мұң-мұқтажына құлақ асып, мәселесін шешуге ықпал ету.  

Қазақстанда 1,3 млн-нан аса кәсіпкер бар. Оның 90 пайыздан астамы микро және шағын бизнеске тиесілі. Олардың 30 пайызы сау¬да саласында шоғырланған. Едәуір бөлігін қызмет көрсету саласы құрап отыр. Өкінішке қарай, өндірістің үлесі аса көп емес. 280 мың¬ға жуық шаруа қожалығы бар. Мен «Атамекен» туралы заң жазылып, қабылданған сәттен бастап осы ұйымның басшылығында жүрмін. Сондықтан «Атамекеннің» идеологиясын, негізгі мақсатын өзімнің ішкі жан дүниемнен өткіздім деп ашық айта аламын. Біздің негізгі мақсатымыз қазір жарна төлеп отырған ірі компаниялардың, ірі банктердің қаржысын шағын және орта бизнестің дамуына бағыттау болды, – деді басшы. 

«Цифрлық экожүйе таныстырылады» 

Палата басшысы осыдан үш жыл бұрын «Атамекенді» өзгертудің бір ғана жолы бар еке¬нін анық ұғынғанын атап өтті. Ол – ұйым¬ға цифрлық тұрғыдан трансформация жасау. Бұл туралы талай рет айтылды, жазылды. 

Жобаның тұжырымдамасын өткен жылдың 29 желтоқсанында аяқтап, бекіттік. 2022 жылдың басында жұртшылыққа жария етуіміз керек еді. Бірақ қаңтардағы оқиғалар килігіп кетті. Қазір Ұлттық палатаның кезектен тыс Съезіне дайындалып жатырмыз. Осы шараның алдында біздегі жаңашылдықтардың таныстырылымын жасаймын. Съезге келген кәсіпкерлер өз бағасын береді, ойларын ортаға салады деп сенемін, – деді Абылай Мырзахметов.

«Цифрлық жобаның кәсіпкерге қандай пайдасы бар?» 

Абылай Мырзахметов цифрлық жобаның қалай қызмет көрсететіне тоқталды. Жоба дегеніміз – мобильді қосым-ша. Ол ауылдағы, қаладағы кәсіпкерлердің бәріне қолжетімді болмақ.  

Кәсіпкер қосымшаға тіркеледі. Қажетті деректерді енгізеді. Міне, сол деректердің негізінде кәсіпкерге қажетті мемлекеттік қызметтердің бәрі цифрлық форматта ұсынылады. Бұл жерде басы артық дерек, қызмет болмайды. Екінші жағынан кәсіпкермен кері байланыс жолға қойылады. Осы орайда «Атамекеннің» кәсіпкерлерге арналған тағы бір жобасы туралы аз-кем айта кетудің реті келіп тұр. Қазақстанда «Азаматтарға арналған үкімет» жұмыс істейтіні белгілі. Біз халық пен кәсіпкерлерге көрсетілетін қызметті қабаттастырмау үшін «Бизнеске арналған үкімет» жобасын ұсындық. Мұны Президент қолдады, тиісті тапсырмалар берді. «Бизнеске арналған үкімет» бизнеске қатысты қызметтердің бәрін қамтиды. «Даму» қоры, «Бәйтерек» холдингі ұсынатын қызметтер де осында шоғырланбақ, – деді ол. 

 «Жоба арқылы 2-3 млн адамды қамтуға болады» 

Палата басшысының айтуынша, «Атамекен» кәсіпкерлердің ұйымы болған соң, біз дайындаған цифрлық қосымшаның игілігін ең алдымен, палата мүшелері көреді. Дегенмен бұл жоба арқылы 2-3 млн адамды қамтуға болады. 

Қазақстанда бизнеске арналған мемлекеттік қолдау шаралары көп. Өкінішке қарай, соның бәрі діттеген жерге жетпей жатыр. Айталық, жұмысқа тұру үшін Жұмыспен қамту орталықтарына бару керек. Бірақ қаланың қиыр шетінде тұра¬тын адам қаланың екінші бір бұрышында орналасқан мекемеге бармайды. Мұндай мекеменің бар екенін, қайда орналасқанын білмейтіндер көп. Орталықты іздеп барған күннің өзінде тиісті ақпаратты ала алмай, алса да түсіне алмай қиналатындар бар. Міне, біз ұсынып отырған сервис жұмыссыздар, өзін өзі жұмыспен қамтығандар, жеке қосалқы шаруашылық иелерінің, кәсіпкерлердің тиісті ақпараттарды және мемлекеттік қызметтерді алуын жеңілдетеді әрі жеделдетеді, – деді Абылай Мырзахметов. 

«Қосымшаны қалай пайдалануға болады?» 

Айталық, ауылдағы кәсіпкердің бірі мемлекеттік мекемеге цифр¬лық қосымша арқылы салық¬тық есебін тапсырды делік. Бірақ мұ¬ны¬мен іс бітпеуі мүмкін. Са¬лық инспекторы кемшілік тауып, құжатты кері қайтаруы ықти¬мал.  

Мұндай кезде тиісті ақпарат қосымшаға келіп түседі, кәсіпкер бірден хабардар болады. Яғни бүкіл процесс ашық жүреді. Кімнің немен, қалай айналысып жатқаны ашық көрсетіледі. Қазақстандағы сауданың шамамен 30-40 пайызы «көлеңкелі айналымда» екені белгілі. Әсіресе, базардағы сатушылар сауданы қолма-қол ақша¬мен жасайды. Соның бірден-бір себебі сатушылардың салыққа үрке қарайтынынан. Олар салық органдарымен қарым-қатынасқа түсуге қорқады. Қағаз толтырудан қашады. Сондықтан оларды сүйемелдеу керек. Кәсіпкерді салық органдарымен, нақтырақ айтсақ шенеунікпен бетпе-бет қалдырмауымыз керек. Міне, осындай жағдайларда «Атамекеннің» жер-жердегі мамандары қос тараптың жұмысын реттейді, – деп түсіндірді Абылай Мырзахметов.

«Атамекенге» қанша кәсіпкер жарна төлеп отыр?

Басқарма төрағасы палатаға 1,3 млн-нан астам кәсіп¬кер¬дің 2 пайызы ғана жарна төлейтінін айтты.  

Яғни 20 мың¬нан астамы заңға сәйкес жарна төлеуге мәжбүр. Әлбетте, бұлардың бәрі – ірі бизнес субъектілері. Жарна мөлшері заңға сәйкес ұлттық палатаның құрылтайында бекітіледі. Соңғы үш жылдағы жағдайға назар аударсақ, жылдық қаржы айналымы 170 млн теңгеден асатын кәсіп¬кер¬лер ғана жарна төлеуге міндеттелген. Бұл санатқа жататындар көп емес. Онда да «жарнаны неге төлемедің» деп қысым жасалмайды. Салық инспекторлары қадағаламайды. Бұл жұмыс жергілікті орындардағы «Атамекеннің» мамандарының хабарласуы, еске салуы арқылы жүргізіледі, – деді ол. 

«Бизнесте қазақтар неге аз?» 

Ауылдағы кәсіпкерлер санын арттыру үшін жыл сайын Ұлттық палата «Бастау Бизнес» жобасы арқылы 30 мың адамға бизнес бастауды үйретеді.

«Жалпы, біз салмақты, байсалды халықпыз. Сөз жоқ, мұның бәрі асыл қасиет. Бірақ бизнес үшін кейде пысық болу керек. Бұл бір. Екіншіден, біздің елде қазақтардың бизнес нарығында тұрақтап қалуына жеткілікті жағдай жасалған жоқ. Мұны мойындауымыз керек. Әр кәсіпкерге жеке көңіл бөлінбеді, оларды сүйемелдей алмадық. Оның ішінде бизнестен бақ іздеген ауыл адамдарына қолдау көрсетілмеді. Қаладағы игілік ауылға жетпеді. Біз осыны ескеріп «Бастау» жобасын қолға алдық. Сол арқылы ауыл кәсіпкерлігінің бойына қан жүгірді. Жоба үш аптаның ішінде ауыл адамдарына кәсіп бастаудың жолын көрсетеді. «Бастау» арқылы жылына 30 мың адам оқиды. Оның жартысынан астамы бизнес жоспарын қорғап шығады, – деген пікір білдірді Абылай Мырзахметов.

«Шенеуніктер цифрлық жүйеге кедергі келтіріп отыр» 

«Жобаны енгізуге «Даму», «Бәйтерек» секілді құрылымдар қарсы. Өзге құрылымдардың, мекемелердің базалары «Атамекен» ұсынып отырған қосымшаға қосылуы керек. Ал цифрлық жоба біраз дүниенің бетін ашып бермек. Ол жердегі басты қағида – ашықтық. Ештеңені жасыра алмайсыз. Жалпы, елдегі жемқорлықтың тамырына балта шабатын да дәл осы цифрлық жүйелер, – деді ол. 

«Президентке көп дүние жетпей жатады» 

Абылай Мырзахметов, қазіргі жағдайларды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев¬қа жеткізгісі келетінін атап өтті.  

Осы сұхбатты, ондағы айтылған дүниелерді Президент оқыса деймін. Біздің үніміз Мемлекет басшысына жетсе екен. Себебі қазір халық Президентке зор сенім артып отыр және үлкен үміт күтіп отыр. Мемлекет басшысының әділ¬дікке, ақиқатқа деген көзқарасы да бөлек. Қазір еліміз өзге¬ше дамуға, өзгеруге тарихи мүмкіндік алып отыр. Бірақ Президент пен елдің арасында әкімдер мен министрлерден тұратын үл¬кен аппарат барын ұмытпау керек. Кейде билік пен бұқара ара¬сына алтын көпір болуға тиіс кейбір әкім мен министр көптің мүддесіне қарсы әрекет етеді. Президентке көп дүние жетпей жатады. Өкініштісі де сол. Біз ұсынып отырған жобалар Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», халықтың әл-ауқатын жақсарту, елдің езілген еңсесін көтеру секілді ізгі мақсаттарымен үндесіп жатыр, – деп аяқтады сөзін Абылай Мырзахметов.

Өзгелердің жаңалығы