«Цифрлық нотариат» банк қосымшаларына енгізіледі

12 Сәуір 2023, 16:16
835
Бөлісу:
«Цифрлық нотариат» банк қосымшаларына енгізіледі
Фото: ОКҚ

Жақында іске қосылған цифрлық сенімхатты алу банк қосымшаларына енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұлы туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков мәлімдеді.

Қазіргі уақытта тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Бір айдың ішінде екінші деңгейлі банктердің қосымшасында «цифрлық нотариат» болады. Сондай-ақ бұдан бөлек үлкен 12 жоба бар. Жақын арада лицензияны цифрландыру жобасы іске асады. Бұрын адвокат, нотариус болсын өз жұмысын бастамас бұрын лицензя алу керек болған. Ол лицензияны алу үшін арнайы комиссия құрылатын. Сол арқылы ғана лиценияға қол жеткізетін, - дейді вице-министр.

Оның айтуынша, цифрлық жобада комиссия шешімімен емес, тест тапсыру арқылы лицензиясын алуға мүмкіндігі бар.

Өзгелердің жаңалығы