"Цифрлық агент" қосымшасы арқылы сот жұмысы бағаланады

15 Мамыр 2019, 10:38
2600
Бөлісу:
"Цифрлық агент" қосымшасы арқылы сот жұмысы бағаланады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жоғарғы соттың бастамасымен Digital Agent қосымшаларына сот органдарының жұмысын бағалау енгізілді. Бұл туралы Жоғарғы соттың ресми сайты хабарлады.

"Енді азаматтар осы мобильдік қосымшаның көмегімен қолайлылық, сервис, рәсімдер мен персонал өлшемшарттары бойынша еліміздің 370 сот органының жұмысына өзінің бағасын бере алады. Міне осылайша, соттың жұмысына разы болмаған кез келген адам шағымын «Цифрлық агент» бойынша соттың лауазымды адамына хабарлап, өзінің мәселесін қысқа мерзімнің ішінде шешетін болады. Ол фойеның жағдайынан бастап сот актілерінің сапалы түсіндірілуіне дейін сот әкімшілігі мәселелері бойынша баға бере алады", - делінген таратылған ақпаратта.

Жоба азаматтардың сот қызметіне қанағаттануына және олардың сотқа деген сенімін арттыруға бағытталған.

 

Өзгелердің жаңалығы