Цифрландыру жастардың саяси процеске қатысуына оң ықпал етеді

20 Қараша 2022, 13:33
842
Бөлісу:
Цифрландыру жастардың саяси процеске қатысуына оң ықпал етеді

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Экономикалық зерттеулер бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері Бекжан Садықов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан демократия құру мақсатына жақындай түсті. Айғақ көрсеткіштің бірі – азаматтардың саяси өмірге қызығушылық танытуы. Саяси процестерді мониторингтеу мақсатында халыққа көмек көрсетудің басты және өте заманауи құралы – ақпараттық-коммуникациялық құралдары (АКҚ) болып саналады.Президенттік сайлау барысында Қазақстанда сайлаудың дәстүрлі құралдарымен қатар әлеуметтік желілердің, цифрлы медиа және интернет мүмкіндіктері де пайдаланатыны қуантады, – деді сарапшы.

Айтуынша, әлеуетті сайлаушылардың шеңбері кеңеюде.

Бұл олардың белсенділігіне әкелетіні сөзсіз.Дегенмен АКҚ барлық мүмкіндіктерін пайдаланудың әлсіз стратегиясы байқалады. Сайлауалды платформалардың жастарға немесе жеке әлеуметтік топтарға бағытталуы жеткіліксіз деңгейде. АКҚ мүмкіндіктері және оларды сайлау процестестерінде әлеуетті пайдалану сайлауалды бағдарламаларды ұйымдастыруда қолдану мен зерттеуге қарағанда қарқынды дамуда.Мұндай құрал оппоненттермен бәсекеге түсу үшін қолданылуы керек. Зерттеулерді дамытып, пікір алмасумен қатар сайлау процестерін жетілдіру үшін жобалық және бағдарламалық тәсілдерді де пайдалану қажет. Сонымен қатар соңғы жылдарда Қазақстанда халықтың сайлауға белсенділігі артқанын мойындау керек. Онда АКҚ және цифрландыру сұрақтарындағы ілгерілілік маңызды рөл атқарды. Мысалы, азаматтар жеке құжаттарының электрондық нұсқасын мобильдік қосымшаларда ұсына алады. Сонымен бірге үгіттеуде бірте-бірте коммуникацияның жаңа форматы бекітілуде. Мысал ретінде Reels-ті келтіруге болады. Осыны ескерсек, Қазақстан жас ұрпақтың қоғамдық мәселелеріне үлкен назар аударатын демократиялық мемлекетті құрудың дұрыс жолында, – деді Бекжан Садықов.

Өзгелердің жаңалығы