Цифрландыру бірінші кезекте қала тұрғындары мен қонақтары үшін жасалады – Ерболат Досаев

2 Ақпан 2023, 11:23
711
Бөлісу:
Цифрландыру бірінші кезекте қала тұрғындары мен қонақтары үшін жасалады – Ерболат Досаев
Фото: Фото: almaty-akshamy.kz

Алматыда V халықаралық «Digital Almaty 2023: жаңа болмыстағы цифрлық әріптестік» цифрлық форумы басталды. Форумның салтанатты ашылу рәсімінде Алматы әкімі Ерболат Досаев сөз сөйледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қала әкімі Ерболат Досаев Алматы Қазақстанның ірі мегаполисі ретінде цифрлық трансформацияларды белсенді жүргізіп жатқанын айтты. Алматыда цифрландыруды енгізу деңгейі Қазақстандағы ең жоғарғы деңгейде, өйткені бүгінде қалада мемлекеттік қызметтердің 96%-ы цифрлық форматта көрсетіледі және бұл көрсеткіш күн өткен сайын артып келеді.

Қаланы дамыту бағдаралмасындағы жеті басымдықтардың бірі – «Алматы – Смарт-сити» құру. Биыл күзге қарай Сингапур мен Шанхай мегаполистерінің баламасы секілді қаланың «цифрлық егізін» жасауды бастау жоспарланып отыр. Алматыны одан әрі дамыту үшін маңызды жобалардың бірі қаланы басқаруды жақсартуға мүмкіндік беретін басқа да жүйелі платформалық шешімдер қабылдау қажет. Мысалы, қала деректерін сақтаудың бірыңғай қоймасы, Геоаналитика бірыңғай платформасы. Бейнемониторинг бірыңғай жүйесі биылдың өзінде Алматының 80%-ын қамтиды. Бұл цифрландыру үшін жасалатын цифрландыру емес. Бірінші кезекте қолайлы қала ортасын құру және қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасалады, – деді Ерболат Досаев.

«Digital Almaty» форумында 29 панельді сессия өткізіледі. Онда халықаралық және қазақстандық IT-қоғамдастық өкілі саналатын 150 астам спикер сөз сөйлейді. 

Форумда елдегі технопарктердің, халықаралық вендорлардың және венчурлік қорлардың көрмесі ұйымдастырылды. Онда индустрия 4.0. және Innovation Center индустриялық өнеркәсіптегі инновациялар мен үздік IT әзірлемелер көрсетіледі.

Стартаптар аллеясында FinTech, Smart City, EDtech, GameDev, IoT, 5G, SaaS, Blockcain, Big Data, MedTech, Logistic&Travel және т.б. саладан 100 жаңа жоба ұсынылады.

Бұған қоса, IT саланың жетекші өкілдерінің қатысуымен технологиялық марафон, воркшоп, жоғары оқу орындары мен бос орындар жәрмеңкесі өтеді. 

Өзгелердің жаңалығы