Тректегі велоспорттан әлем кубогіне қатысатын қазақстандық спортшылар белгілі болды

31 Қазан 2019, 06:45
1417
Бөлісу:
Тректегі велоспорттан әлем кубогіне қатысатын қазақстандық спортшылар белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Минскте тректегі велоспорттан әлем кубогінің бірінші кезеңі басталады, деп хабарлады Olympic.kz. 

Бұл жарыс UCI-дің 2019-2020 жылғы маусымдағы алғашқы жарысы болып саналады. Оған Қазақстан құрамасынан Артем Захаров, Әлішер Жұмақан, Максим Налетов, Сергей Пономарев, Андрей Чугай, Дмитрий Резанов, Роман Василенков және Ринат Сұлтанов қатысады.

Халықаралық велосипедшілер одағының күнтізбесінде әлем кубогінің алты кезеңі жоспарланған. 31 қазан – 3 қараша күндері Белоруссияда, 8-10 қараша күндері Ұлыбританияда, 29 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Гонконгте өтсе, 6-8 желтоқсанда Жаңа Зеландияда, 13-15 желтоқсанда Автралияда, одан кейін 24-26 қаңтар күндері Канада әлем кубогінің соңғы кезеңі өтеді. 
Өзгелердің жаңалығы