Қазақстанда Транскаспий бағытымен жүк тасымалдау артты

4 Шілде 2019, 09:30
3411
Бөлісу:
Қазақстанда Транскаспий бағытымен жүк тасымалдау артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың 5 айында Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша транзиттік тасымалдар 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе өсті.

Бұл туралы ҚР ИИДМ вице-министрі Берік Камалиев көлік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-польша жұмыс тобының 3-ші отырысы барысында мәлімдеді.

"Көлік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобы елдеріміздің арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия аясында қойылған міндеттерді табысты іске асырудың маңызды құралы болып табылады. Польша Қазақстанның, оның ішінде көлік ынтымақтастығы саласындағы маңызды серіктестерінің бірі. Еуразия орталығында, әлемдік экономиканың екі полюсі арасында бола отырып, Қазақстан транзиттік әлеуетті дамытуға және еліміздің аумағы арқылы транзиттік жүк ағындарын тартуға ерекше көңіл бөледі", - деді Берік Камалиев сөйлеген сөзінде.

Оның айтуынша, Қытайдан Еуропаға Қазақстан арқылы транзиттік ағындарды тарту үшін Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) Қытай, Әзірбайжан, Грузия, Түркия, Украина, Румыния әріптестерімен бірлесіп дамыту жұмыстары жүргізілуде.

"Қазақстан Әзірбайжанмен және Грузиямен бірлесіп Қытайдан, Орталық Азия елдерінен, Ресейдің Орал-Сібір өңірінен Түркияға және Еуропа елдеріне жүк ағындарының қысқарған шығуын қамтамасыз ететін мультимодальді Транскаспий көпірін құрды. ТХКБ аясындағы PKP Linia Hutnicza Szerokotorowa (PKP LHS) жемісті жұмысын оның қауымдастырылған мүшесі ретінде қуана атап өтеміз", - деп атап өтті вице-министр.

Мәселен, 2109 жылдың 5 айында ТХКБ бойынша транзиттік тасымалдар 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есеге өсті және 1976 ЖФЭ (2018 жылдың 5 айында – 973 ЖФЭ) құрады.

24-25 маусым күні Нұр-сұлтан қаласында ТХКБ дамыту бойынша жұмыс тобының және "ТХКБ" халықаралық қауымдастығының жалпы жиналысының кезекті отырысы өтті.  Отырыс барысында ТХКБ бағыттарына жүк тасымалдауды тарту жұмыстарының тиімділігін арттыру мәселелері сөз болды. Іс – шара аясында "ТХКБ" қауымдастығының тұрақты жетекші-мүшелері "Каспий теңізі порттары (Ақтау, Баку (Алят) арасындағы фидер кемелерінің қатысуымен тікелей теміржол-су қатынасында контейнерлік тасымалдауды ұйымдастыру туралы келісімге" және "ТХКБ бағыты бойынша контейнерлік пойыздардың құрамында жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру кезінде өзара іс-қимыл және жеткізу мерзімдерін сақтамағаны үшін жауапкершілік шаралары туралы келісімге" қол қойды.

"2018 жылы Қазақстан мен Польша арасындағы темір жол тасымалының оң динамикасын атап өткім келеді. 2018 жылы 1120,8 мың тонна жүк тасымалданды, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 37% - ға (немесе 301 мың тоннаға) артық. Қытай-Еуропа-Қытай бағыты бойынша бұл көрсеткіш 5 айда 104,2 мың ЖФЭ құрады және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21%-ға өсті (2018 жылдың қаңтар – мамыры - 86,4 мың ЖФЭ). Осы бағытта атқарылған жұмыстарды жалғастыруға барынша күш салу қажет»,- деп атап өтті Берік Камалиев

 Вице-министр сондай-ақ қазіргі уақытта Қазақстанда стационарлық үлгідегі таразыларды қолдана отырып және интеллектуалды көлік жүйесін енгізу арқылы, автоматтандырылған өлшеу станциясының желісін құру жолымен қашықтықтан бақылауға көшу және ауыр салмақты автомашиналардың жүруін бақылауды толықтай аздаған ғана кемшілігімен автоматтандыру бойынша шаралар әзірленуде. Бұл автожолдарды сақтауға көмектеседі және жүргізушілердің белгіленген талаптарды сақтауын қамтамасыз етеді, сондай-ақ инспектордың жүргізушілермен байланысын болдырмауға мүмкіндік береді.

"Автожолдық бақылау пунктіне шыға отырып, ауыр салмақты көліктердің жүріп өтуіне автоматтандырылған бақылауды қолдану бойынша Польшаның тәжірибесін егжей-тегжейлі зерделеуді ұсынамыз",-деп толықтырды вице-министр.

Өзгелердің жаңалығы