АҚШ президенті Дональд Трамп-қа қастандық жасауға әрекеттенді деп күдікке ілінген Коул Аллен дүйсенбі күні сотқа жеткізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Fox News-ке сілтеме жасап.
31 жастағы Коул Аллен 2026 жылғы 27 сәуірде федералдық сот алдында жауап береді.
Оған алдын ала екі айып тағылған:
зорлық-зомбылық қылмысын жасау кезінде атыс қаруын қолдану;
қауіпті қару пайдаланып, федералдық қызметкерге шабуыл жасау.
Еске салайық, бұған дейін ол Ақ үй әкімшілігі өкілдеріне шабуыл жасауды жоспарлағанын мойындаған еді.