АҚШ Қытайға қатысты сауда баждарын бірден 125%-ға дейін көтеруді жоспарлап отыр. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қытайдың әлемдік нарықтарға деген құрметсіздігіне байланысты мен Америка Құрама Штаттарының Қытайдан алатын тарифтерін 125%-ға дейін көтеремін, бұл бірден күшіне енеді, - деп жазды Трамп.
Ол сондай-ақ 75-тен астам елдің АҚШ өкілдерін сауда мәселелері бойынша келіссөздер жүргізуге шақырғанын және осы кезеңде 10% өзара тарифті төмендетуді ұсынғанын айтты.
Еске сала кетейік, 2 сәуірде Трамп сауда саласындағы ауқымды шараларды жариялаған болатын: АҚШ-қа жеткізілетін барлық өнімдер үшін 10%-дық базалық тарифтер енгізілді. ЕО үшін бұл көрсеткіш 20%-ға, ал Қытай үшін 34%-ға дейін көтерілді. Кейінірек АҚШ Қытайға қарсы баж салығын 104%-ға дейін көтерді.