Қарақшы тойдан қайтқан әншіге тап беріп, пышақпен қорқытқан

16 Қаңтар 2020, 21:42
2901
Бөлісу:
Қарақшы тойдан қайтқан әншіге тап беріп, пышақпен қорқытқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дәстүрлі әнші, Дәнеш Рақышев атындағы республикалық конкурстың лауреаты Уатхан Заханды тойдан шыққаннан кейін белгісіз қарақшы көлігінде тап беріп, біраз әуре-сарсаңға салған. Бұл туралы әншінің өзі Facebook-тегі парақшасында жазды.  

14446238_1782592935285827_6814476772310823853_n.jpg
12 қаңтар күні түнгі 23.30-00 кезінде әдеттегідей бір кешті атқарып, көлігіме отырып, қыздыра бастадым. Алматының қақ ортасы. Кенет, бір еңгезердей еркектің бейнесін байқадым. Бетін маскамен жапқан. Асығыс көліктің артқы есігін ашты да, отыра салысымен аузымды басып, тура мойныма пышағын тақаған кезде денем суып кетті...("Алғашында тойдағы әріптестердің бірі ме" деп қалдым) Олай болмады. Бір кезде ол: "Көлікті оталдырып, мен айтқан бағытқа жүр" деді. Өзі қазақ екен. Мойныма пышақ отыр. Келе жатырмыз. Алматының елеусіз көшелеріне кіріп, көздерден таса болдық! Бір сайда тұрмыз. "Ал енді қанша ақшаң бар шығар" деді. Сумканы өзі алып, көк тиын қалдырмай қалтасына басты, - дейді Уатхан Захан. 
Оның айтуынша, қарақшы банк карточкаларын да тексеріп үлгерген. 
Бір кезде қыл арқан мойныма байланып, дем жетпей жатқанын сезінудемін...Сансыз ойлар! Дәм тұзымның таусылғаны осы шығар дедім! Өмірім көз алдымнан өтіп жатыр...Қорқынышты! Сосын "Мен сені өлтірмеймін деп шештім " деді әлгі құбыжық. Жөтеліп жатырмын. Не керек оның қалған бағытында көшелерді кездік. Аттай 5 сағат! Ол жасаған арам істерін сырасын сіміріп қойып, масайрап айтып отыр (менің еңбекпен тапқан ақшаны жаратуда). Бір қолым байлаулы. Әбден жалындым! Алдадым да! Соңында мені жіберетін болып шешті. Өзі бір жерден түсіп қалды. Сене алар емеспін! Бірден ІІБ не бет алдым. Мойыным, қолым тілінген! Түрім өрт сөндіргендей. Шок! Бейне бақылау камераларына түспегендіктен, қолында қолғап, беті жабық болғандықтан ештеңе жасай алмайтындарын айтты. Сөйтіп үйге келдім  Қазақ бауырлар-ау! Сонша бір бірімізге жау болғанымыз ба? Қалай жібере салды мені, - дейді әнші. 
Алайда, қылмыскер аяқ астынан ойынан айнып, әншіні өлтірмеймін деп шеккен. Бірақ, көлікте зорламақ болыпты. Он жылдам астам өнер саласында жүрген әнші кинодан көретін қорқынышты оқиғаның өз басынан өткеніне сенбей, ағыл-тегіл жылаған.  

Қылқынып жөтеліп жаттым. Әлгі құбыжық маған тиспекші болды. Жалындым. Жібермеді. Болмаған соң "аяғым ауыр еді" деп қулыққа да бардым. Сол кезде ғана ол арам ойынан айныды. Бірақ тұрмыс тұрмағам. Балам да жоқ. Құтылу үшін түрлі әдістерге бардым. Қойшы, не керек оның қалған бағытында көшелерді кездік. Бір қолым байлаулы болса да, машина жүргіздім. Аттай 5 сағат! Ол сырасын сіміріп отырды. Әбден жалындым!  Соңында мені жіберетін болып шешті, - деді әнші.

Осыдан кейін ол 102 номері арқылы полицейлерге шағымданған. Алматы қаласының Алмалы ауданының полиция басқармасы істі шұғыл қолға алып, қылмыскер ұстаған.

Оқиғадан кейін қайтадан 102 номеріне хабарласып, шағымдандым. Арызымды қабылдап, Алматы қаласы Алмалы ауданының полиция басқармасы істі шұғыл қолға алды. Үш күн, үш түн жарғақ құлақтары жастыққа тимей, орган қызметкерлері жұмыстарына кірісті. Айла-тәсіл тәжірибелерің арқасында ізін суытпай қарақшыны қолға түсірді. Ол қарақшыдан зардап шеккен "С" есімді тағы бір бойжеткен бар болып шықты. Ең сорақысы оның автокөлігі менің автокөлігімнің қасында болған (суреттері машина). Яғни, қылмыскер арам ойын іске асыру үшін бір мезгіл мені зерттеп алған болар... Қысқасы енді іс сотқа жіберілді. Төбемдегі құдіретті сотқа сенгенмін! Дұғамды қабыл алды! Енді тесілі жазасын алатынына сенімдемін! Алматы қаласы Алмалы ауданының ІІБ бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Турганли Абзал Турапұлы және жедел уәкіл қызметкерлеріне алғысымызды білдіремін, - дейді Уатхан Захан.


Өзгелердің жаңалығы