Роман Скляр Тоты Әмірованың жазбасына қатысты пікір білдірді

30 Желтоқсан 2019, 11:36
8903
Бөлісу:
Роман Скляр Тоты Әмірованың жазбасына қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр Алматы маңындағы Bek Air ұшағының апатына қатысы бар тұлғалардың барлығы жауапқа тартылатынын айтты.

Мен Тоты Әмірованың (Азаматтың авиация комитетінің бұрынғы қызметкері – ред.) посттарына қатысты пікір білдіргім келмейді. Ол теріс мотивтерге байланысты жұмыстан шығарылғанын білесіздер. Бірақ ол бас мемлекеттік инспектор ретінде барлық Fokker 100 ұшақтарына сертифаттары өзі бергенін атап өткім келеді. Мен мұны сол кезде заңсыз болды дегім келмейді. Азаматтық авиация комитетінде жұмыс істеген мемлекеттік инспекторлар әуекомпанияларының қызметін тоқтатты. Дегенмен, компаниялар БИН өзгертіп, ребрендингинг жасап, дәл сол құрам және дәл сол ұшақтармен пайдалануға рұқсат алуға тырысқан жағдайлар бар. Сол кезде біз министрліктің басшылығы ретінде ол куәліктерді жарамсыз еттік. Сондықтан бұл жағдайға қандай да бір қатысы бар әрбір тұлға жауапқа тартылады. Азаматтық авиация комитетінің өкілдерінің қатысы болса, олар да жауапқа тартылады. Ешкімнің кінәсін жасырылмайтынына сендіргім келеді. Тергеу нәтижесінде шыққан барлық қорытындыны жариялаймыз, - деді Роман Скляр Үкіметтің кулуарында.  

Қазақстанның тұңғыш ұшқыш қызы Тоты Әмірова Азаматтық авиация комитетінен 2019 жылдың жазында жұмыстан шығарылған. Министрдің блогына Азаматтық авиация комитетінің жазғы эксплуатация басқармасының басшысы ретінде заңсыз әрекеттері туралы шағым түскеннен кейін қызметтік тергеу жүргізіліп, Әмірова қызметтен шеттетілді.

Мен жұмыстан шығардың алдында Bek Air-мен қарым-қатынасым өте нашар болды. Олар соңғы жылдағы дефектілердің тізімін және құрал-саймандар мен жөндеу жұмыстарына шарт әкелмейінше, сертификат алмайтынын айтқан болатынмын. Олар "біздің соңымыздан қалмады" деп шағымданатын, - деген жазбаны жариялады Тоты Әмірова 29 желтоқсанда өзінің Facebook-тегі парақшасында. 

Естеріңізге сала кетейік, 27 желтоқсанда Алматы-Нұр-Сұлтан бағытындағы Bek Air жолаушылар ұшағы құлады. Ұшақ Қызыл ту ауылында екіқабатты ғимаратқа соғылып апатқа ұшырады.

Кейіннен, зардап шеккендер мен бортта болған жолаушылардың толық тізімі жарияланды.

Мемлекет басшысы ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты. 

Ауруханада тағы бір адам көз жұмып, қаза тапқандардың саны 15 адамға жетті. 

Болған жағдайға байланысты Bek Аir авиакомпаниясының лицензиясы тоқтатылды. 

Сондай-ақ, мемлекет басшысының бұйрығымен 28 желтоқсан еліміз бойынша қаралы күн деп жарияланды. 

Бұдан бөлек, ұшақ бортындағы экипаждың есімдері белгілі болды

Fokker компаниясы Bek Air ұшағының құлау себептерін анықтау мақсатында Алматыға мамандарды жіберетінін айтты

ҚР ІІМ арнайы тексеру жүргізіп жатқандығын хабарлады. Үкімет басшысы Асқар Мамин де ұшақ апатының себебін 10 қаңтарды жариялауды тапсырған болатын. 

Қазір зардап шеккендерге көмек үшін арнайы шот ашылды.


 

Өзгелердің жаңалығы