Төтенше жағдайлар вице-министрі Абай облысында жүр

16 Қараша 2022, 17:48
1714
Бөлісу:
Төтенше жағдайлар вице-министрі Абай облысында жүр
PHOTO

Бүгін төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Марат Күлдіков Абай облысының халқымен кездесті деп хабарлайды осы өңірдегі BAQ.KZ тілшісі. 

Өңір тұрғындары вице-министрге облыстың су тасқынынан, орман өрттерінен қорғалуы, құтқарушыларды әлеуметтік тұрғыда қолдауды күшейту жөніндегі сауалдарын қойды.

Жыл басынан ТЖД бөлімшелері төтенше жағдайлар орнына 2800-ден астам рет шыққан. Бұл ретте 138 адам құтқарылып, қауіпсіз жерге жеткізілді. 

Облыстағы табиғи өрттер ерекше назар аударуды қажет етеді. Бүгінгі таңда біздің міндетіміз – елді мекендер мен экономика объектілерін маусымдық қауіп-қатерлерден қорғау бойынша тиімді шараларды іске асыру. Алда қытымыр қыс мезгілі келе жатыр, осы ретте төтенше жағдайлардың алдын алу және халыққа көмек көрсету шараларына назар аударған жөн, – деді Марат Күлдіков. 

 

Төтенше жағдайлар вице-министрі Абай облысында жүр

Кездесуден кейін вице-министр азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Олар төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою сұрақтарымен жүгінді. Сонымен қатар министрдің орынбасары журналистердің сұрақтарына да жауап берді.

Төтенше жағдайлар вице-министрі Абай облысында жүр

Вице-министр облыс әкімімен, төтенше жағдайлар және өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменттерінің, 68303 әскери бөлімінің жеке құрамымен кездесті. Азаматтық қорғау органдарының әлеуметтік қамсыздандырылуын жетілдіру, еңбек жағдайын жақсарту бойынша министрлік тарапынан жүргізіліп жатқан жұмысты атап өтті.

Төтенше жағдайлар вице-министрі Абай облысында жүр

Сапар соңында вице-министр өңір иелігіндегі, оның ішінде төтенше жағдайларды жою жұмыстарына пайдаланылатын техникаға күрделі жөндеу жүргізетін «Семей инжиниринг» және еліміздің машина жасау саласына үлкен үлес қосып отырған «СемАЗ» компанияларына, сондай-ақ «Резерв» кәсіпорнының «Балқаш» филиалына барды.

Төтенше жағдайлар вице-министрі Абай облысында жүр
Өзгелердің жаңалығы