Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға ескерту жасады

4 Қараша 2023, 15:04
619
Бөлісу:
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға ескерту жасады

Төтенше жағдайлар министрлігі ауа-райы болжамымен танысуды және қыста алыс жолға шықпас бұрын SMS ескертулерді қадағалауды сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әр көлікте төтенше жағдайда қажет заттар болуы ұсынылады:

  • дәнекерлеу шамы,
  • сымарқан,
  • доңғалақ тізбектері,
  • күрек,
  • парафинді шамдар,
  • сонымен қатар жылы киім, қажет заттар, азық-түлік пен су қоры.

Қатты аяз немесе қар жауған кезде жолда болсаңыз, бірнеше автомобилмен топтасып жүру керек. Себебі бұзылған жағдайда бағандағы жүргізушілер көмекке келе алады", - делінген Төтенше жағдайлар министрлігі хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы