Төтенше жағдайлар министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды

2 Маусым 2023, 12:04
672
Бөлісу:
Төтенше жағдайлар министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды
Фото: primeminister.kz

Ардақ Тиес берген өтінішіне сәйкес Төтенше жағдайлар министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Ардақ Сиязбекұлы Тиес берген өтінішіне сәйкес Төтенше жағдайлар министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды.

Ардақ Тиес 1974 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

ІІМ Алматы жоғары мектебін, Қазтұтынуодағы Қарағанды университетін бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы Жамбыл (Тараз) қаласы Завод ауданының ішкі істер тергеу бөлімінің тергеушісі болып бастаған.

1995-2001 жылдары ҚР құқық қорғау органдарында қызмет етті. (Ішкі істер министрлігі, Мемлекеттік тергеу комитеті, Бас прокуратура, Әділет министрлігі).

2001 жылдан 2006 жылға дейін Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің құрылымында басшылық қызметтер атқарды.

2006 жылғы қарашадан 2017 жылға дейін квазимемлекеттік сектордың басшылық лауазымдарында жұмыс істеді.

2017-2019 жылдары «Астанаэнергосервис» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

2019-2020 жылдары «Қазсушар» РМК бас директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

2021 жылдың ақпан айынан бастап Төтенше жағдайлар министрлігінің аппарат басшысы қызметін атқарды.

Өзгелердің жаңалығы