Төтенше жағдайлар басқармасы астаналықтарға ескерту жасады

14 Ақпан 2023, 12:21
706
Бөлісу:
Төтенше жағдайлар басқармасы астаналықтарға ескерту жасады
Фото: admrad.ru

Ата-аналардан балаларын қараусыз қалдырмауды сұрайды. Алматы ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы мұзға шығу қаупі туралы ескертеді, деп хабарлады BAQ.KZ.

Түнгі аяз уақытында сумен араласқан қар қатып қалады. Бірақ күндіз, тікелей күн сәулесінің әсерінен мұз ерімесе де, кеуекті және бос болады, оның құрылымы бұзылады. Мұндай қатаймаған мұзға шығу – өмірге тікелей қауіп тудырады. Ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауды сұраймыз, – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, құтқару қызметінің бірыңғай нөмірі – 112.

Өзгелердің жаңалығы