Төртінші тоқсанда 55 мектепте карантин жарияланған

23 Сәуір 2021, 12:51
1815
Бөлісу:
Төртінші тоқсанда 55 мектепте карантин жарияланған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Қазақстанда COVID-19 қарсы вакцинация: ең өзекті сұрақтарға жауаптар» тақырыбында өткен онлайн брифинг кезінде ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының Басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева айтты.

Оның мәлімдеуінше, әлемнің бірқатар елінде эпидемиологиялық ахуал әлі де болса тұрақсыз. Бүгінде 154 миллионнан астам коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы тіркелсе, 3 миллионнан астам адам аталмыш вирустан көз жұмған.

Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға келер болсақ, елімізде 300 733 жағдай тіркелген. Соңғы тәулікте 2894 жағдай анықталды. Осы індеттен жазылып шыққандар саны - 257 278. Соңғы статистикалық мәліметтерге сүйене отырып, коронавирус індеті лабораториялық түрде дәлелденбеген, бірақ клиникалық көріністері бар. Пневмониялық көрініс байқалған 52 255 жағдай тіркелсе, соңғы тәулікте 107 жағдайы анықталған. Ал өлім-жітім көрсеткіші КВИ+ бойынша - 3512 болса, КВИ- бойынша 764 жағдай, - деді ол.

Спикер вирус жұқтыру жағдайы көп тіркелген өңірлер қатарында Алматы (соңғы тәулікте - 698) және Нұр-Сұлтан (соңғы тәулікте - 511) қалалары екенін айтты.

Айнагүл Қуатбаева оқу жылы басталғалы оффлайн режимде оқып жатқан балалар арасында 5 594 жағдай, ал, онлайн режимде оқығандар арасында да жағдайдың мәз емес екенін жеткізді.

Соңғы 4 тоқсандағы мәліметке сүйенсек, 55 мектепте карантин жағдайы тіркелген. Мектепке дейінге балалар арасында 875 жағдай тіркеліп, мектепке дейінгі 34 мекемеде карантин жарияланған, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы