Төрт елдің Үкімет басшылары халықаралық өнеркәсіп көрмесіне қатысты

25 Қыркүйек 2023, 14:18
731
Бөлісу:
Төрт елдің Үкімет басшылары халықаралық өнеркәсіп көрмесіне қатысты
PHOTO
Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан және Ресей үкіметтерінің басшылары 25-27 қыркүйекте Астанада өтіп жатқан «ИННОПРОМ. Қазақстан» халықаралық өнеркәсіп көрмесінің экспозициясымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төрт елдің Үкімет басшылары халықаралық өнеркәсіп көрмесіне қатысты

Аталған іс-шараны алғаш рет өткізіп отырған Қазақстан 2019 жылдан бері «Иннопромның» тұрақты қатысушысы болып келеді, ал өткен жылы көрменің серіктес елі ретінде өз өнімдерін ұсынды. 

Көрменің негізгі мақсаты – өндірістік кооперацияны дамыту, инвестиция тарту, сауда ынтымақтастығын кеңейту және өзара тәжірибе алмасу. 

Төрт елдің Үкімет басшылары халықаралық өнеркәсіп көрмесіне қатысты

Қазақстандық «Иннопромның» тақырыбы – жаңа кезеңнің өнеркәсіптік стратегиялары. 

Елордадағы EXPO орталығының алаңында ұйымдастырылған көрмеге ЕАЭО елдерінен 300-ден астам кәсіпорын мен компания қатысуда. Келушілер назарына металлургия, машина жасау, химия және жеңіл өнеркәсіп, құрылыс индустриясы мен фармацевтика салаларындағы өнімдердің кең ассортименті ұсынылған. 

Төрт елдің Үкімет басшылары халықаралық өнеркәсіп көрмесіне қатысты

Айта кетейік, Қазақстан ЕАЭО серіктестерімен бірлесіп өнеркәсіп саласында 38 бірлескен жобаны жүзеге асырған. Бұл ретте кооперацияның негізгі басымдықтары терең өңдеу, барынша оқшаулау, жаңа өнім шығару және экспорттық әлеует болды. 

Төрт елдің Үкімет басшылары халықаралық өнеркәсіп көрмесіне қатысты

Сонымен қатар бүгінгі таңда тағы 80 жобаны іске асыру жұмыстары пысықталып жатыр. Жалпы, соңғы 5 жылда республиканың өңдеу өнеркәсібіндегі өнім көлемі 2,2 есеге – 2017 жылғы 9,4 трлн теңгеден 2022 жылы 20,7 трлн теңгеге дейін өсті.

Өзгелердің жаңалығы