Төребаев пен Шерниязовты қамау мерзімі ұзарды

29 Сәуір 2022, 17:14
1567
Бөлісу:
Төребаев пен Шерниязовты қамау мерзімі ұзарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов екі айға қамауға алынды.

Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Тергеу сотының қаулысымен тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды. Шерниязов пен Төребаевқа қатысты күзетпен ұстау мерзімін 2 ай мерзімге ұзартуға санкция берілді, - делінген хабарламада. 

Еске салайық, бұған дейін Алматыда Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 10 күнге қамауға алынғаны хабарланған болатын.

Өзгелердің жаңалығы